Лукашенко: Минскіні АҚШ-тың астанасы етемін - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Міне, қызық

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Дональд Трамптың 2021 жылы Минск қаласына сапары туралы үмітін білдірді. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды.

Еуропа-АҚШ жеңіл атлетикалық матчының ашылу салтанатында Беларусь басшысы оны Минскіде екі жылдан кейін өткізу туралы ұсыныс жасады және оған Трампты шақырды.

- Екі жылдан кейін, егер сіз бізге тапсырсаңыз, біз осындай матчты одан да жоғары деңгейде өткіземіз. Екі жылдан кейін Минск Америка Құрама Штаттарының астанасы болады деп уәде беремін, - деді ол.

Лукашенко айтқан сөзін түсіндіру үшін 2021 жылы жарыс регламенті бойынша мачттың АҚШ-та өтуі тиіс екендігін, алайда оны Минскіде өткізсе, дәл АҚШ-тың астанасындай етіп жоғары дәрежеде шара өткізуге дайын екендігін тарқатып айтты. Сондай-ақ, ол Трамп келесі президенттік сайлауда жеңіске жететініне сенім білдірді.


 


0 Пікір Кіру