«Астана» клубының Еуропа лигасында ойнайтын ойындарының билеттері сатылымға шықты - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Бағасы 13 мың теңгеден басталады

12 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Астана» футбол клубының Еуропа Лигасы аясындағы «Партизан», «АЗ Алкмар» және «Манчестер Юнайтед» командаларымен болатын ойындарына арналған абонементтер сатылымға шықты.

Абонементті сатып алған жағдайда «Манчестер Юнайтедке» қарсы кездесудің қараша айында ғана сатылымға шығатын билетіне, алдын ала ие болатын мүмкіндік бар. 

Абонементтер «Астана» футбол клубының ресми сайтында (fcastana.kz) сатылымға шығады. 

Еуропа Лигасы ойындарының кестесі: 

«Астана» - «Партизан» 03.10.2019 

«Астана» - «АЗ Алкмар» 07.11.2019 

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» 28.11.2019 

Абонементтердің бағасы 13 000 мен 65 000 теңге аралығында. 

Барлық бағалар құны төмендегідей: 

1 санаттағы абонемент құны - 65 000 (алпыс бес мың) теңге; 

2 санаттағы абонемент құны - 50 000 (елу мың) теңге; 

3 санаттағы абонемент құны - 30 000 (отыз мың) теңге; 

4-санаттағы абонемент құны - 20 000 (жиырма мың) теңге; 

5-санаттағы абонемент құны - 13 000 (он үш мың) теңге. 

Сатылымға тек билеттердің 3/1 бөлігі ғана түседі. Ал қалған бөлігі ойын алдында ғана сатылымға шығады.

0 Пікір Кіру