"Реал" 441 миллион еуроға футболшылар сатып алмақ - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Несие алмақ

Мадридтің "Реал" клубы басшылығы қысқы трансфер уақытында 441 млн еуро жұмсауы мүмкін. Бұл жайында AS баспасы ақпарат таратуда.

Баспаның ақпаратына сүйенсек, "карольдік клуб" 156 млн еуроға кейбір ойыншыларын сатып, қаржының қалған бөлігін банктен несие алуды жоспарлауда.

Мадридтіктердің басты трансфер мақсаты "ПСЖ" форварды Килиан Мбаппе тілге алынуда. Мбаппеден бөлек "ПСЖ" шабуылшысы Неймарды да сатып алу ойынан қайтпаған.

Естеріңізге саламыз, жазғы трансфер кезінде "Реал" 305 млн еуро көлемінде қаржы жұмсаған болатын.


0 Пікір Кіру