"Ривер Плейт" Либертадорес кубогының жеңімпазы  - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Футбол жаңалықтары

Либертадорес кубогының жауап ойынында  “Ривер Плейт” – “Бока Хуниорсты" жеңді.

Аталмыш ойын өте қызықты, əрі тартысқа толы болды. Қос команда қосымша уақытта да тыным таппады.

Бірінші бөлім соңында Бенедетто “Бока Хуниорсты" есепте алға шығарған болса, екінші бөлімнің 68-минутында Пратто таблодағы есепті теңестірді.

Ойын тең есеппен аяқталып, матчтың тағдыры 15 минуттық қос экстра таймда шешілді

Күтпеген жерден, Кинтеро 109-минутта гол соғып “Ривер Плейтті" есепте алға шығарды. 120-минутта Мартинес есепті еселеп, ойынға нүкте қойды.

Екі ойын нәтижесі бойынша “Ривер Плейт” Либертадорес кубогі иесі атанды 

Ривер Плейт  – Бока Хуниорс  3:1 (0:1, 1:0, 0:0)

Голдар: 0:1 – 44 Бенедетто, 1:1 – 68 Пратто, 2:1 – 109 Кинтеро, 3:1 – 120 Мартинес.

Ривер Плейт: Армани, Майдана, Каско, Монтиель (Майяда, 74), Пинола, Перес, Понсио (Кинтеро, 58), Паласиос (Альварес, 97), Фернандес (Сукулини, 111), Мартинес, Пратто.

Бока Хуниорс: Андрада, Магальян, Искьердос, Оласа, Буффарини (Тевес, 111), Нандес, Барриос, Перес (Гаго, 89), Павон, Вилья (Хара, 96), Бенедетто (Абила, 62).

Ескертулер: Понсио (27), Перес (43), Фернандес (81), Майдана (83), Барриос (87), Тевес (120), Каско (120).

Алаңнан қуылды: Барриос (92).

0 Пікір Кіру