Хабиб карьерасын аяқтауы мүмкін - на sport.bugin.kz
Kymbat Slyambekov - на sport.bugin.kz Kymbat Slyambekov

Әкесінің кеңесі

Аралас жекпе-жектен абсолютті жеңіл салмақ чемпионаты Хабиб Нурмагомедов карьерасын қашан аяқтайтыны жайлы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

ММА жауынгері енді үш-төрт жекпе-жек өткізгеннен кейін спортты тастаймын деп отыр. Оны ол «Бірінші арнаға» берген сұхбатында айтқан көрінеді.

- «Спортшының ең мықты кезі 32-33 жаста» деп көп айтады әкем. Өзі де сол жасқа келгенде мықты болған екен. Ал 33 жастан асқан соң, адам әлсірей бастайды. Мен де әкеммен келісемін. Өйткені, 29-30 жасқа келгенімде өзімді өте мықты санаған едім. Ал қазір 31-ге толып отырмын, - дейді Хабиб.

Спортшының әкесі «енді екі жылдай төбессең болады, кейін қойғаның жөн» деп айтады екен.

- Егер жаттығу кезінде қандай да бір шалт, кем қимылды байқаған болса, бірден ескертеді. Сол кезде спортты да тоқтатамын. Ал әзірше 28 кездесу өткіздім. Оны 30-ға дейін жеткізуге болатын сияқты. Бірақ, кем дегенде, 3-4 кездесу өткізуге тырысамын, - дейді дағыстандық.


0 Пікір Кіру