Арман Оспановтың Мәскеудегі жекпе-жегіне санаулы күн қалды - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Жекпе - жек

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов АСА 99 турнирінде өтетін жекпе-жегіне санаулы күн қалды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АСА (Absolute Championship Akhmat) тұжырымында өнер көрсететін Арман Оспановтың  кезекті жекпе-жегіне 8 күн қалды.  Отандасымыз  27 қыркүйек күні, Мәскеу қаласында өтетін АСА 99 турнирінде шаршы алаңға оралады. «Сұңқар» бұл кеште Алексей Полпудниковпен үшінші рет жекпе-жек өткізеді. Ол жекпе-жекке дайындығын пысықтау үшін Тайландта оқу-жаттығу жиынын өткізіп келген болатын. Қазір Алматыда дайындығын жалғастыруда.

Қос спортшы бұған дейін екі мәрте кездескен. Алғашқы жекпе-жекте Арман Оспанов жеңңіске жетсе, екіншісінде Алексей Полпудников басым болды.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде Арман Оспанов неміс спортшысы Лом-Али Эскиевпен (15-4) кездесіп, екінші раундта қарсыласына ауыр нокаутқа жіберді

0 Пікір Кіру