Роналду өзінің қаржылық жағдайы туралы айтты - на sport.bugin.kz
Plumeria - на sport.bugin.kz Plumeria

«Ювентустан» жылына шамамен 38 миллион доллар алады

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің қаржылық жағдайы мен иелік ететін көліктерінің саны туралы айтты, деп championat.com хабарлайды.

- Менің байлығым жарты миллиард долларды құрайтыны рас па? Мен солай деп ойлаймын. Жүз пайыз сенімді емеспін, бірақ менің шотымда ақша аз емес.

- Менің көліктерімнің саны ма? 17 көлік қой деймін. Көбінесе, жайлы Rolls-Royce мінгенді ұнатамын. Тағы екі-екіден Bugatti, Ferrari және McLaren көліктері бар», - деп Роналдудың сөзіне The Sun басылымы сілтеме жасайды.

Роналду өткен жазда «Ювентусқа» «Реал Мадридтен» ауысқан болатын. Трансферттің сомасы 117 миллион еуроны құрады. Маусым аяқталған кезде шабуылшы Италия чемпионатының 31 матчына қатысып, 21 гол соққан.

Бүгінгі таңда 34 жастағы Роналду «Ювентустан» жылына шамамен 38 миллион доллар алады.


0 Пікір Кіру