Илья Ильин әлем чемпионатында ел үмітін ақтай алмады - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Топ-ондыққа да ене алмады

Тай елінің Паттайя қаласында өткен Ауыр атлетиканың әлемдік чемпионатына қатысқан Илья Ильин төмен көрсеткіш көрсетті. 96 келіге дейінгі спортшылармен бақ сынаған қазақстандық атлет 13-ші орында қалып қойды.

Екі жаттығудан барлығы 363 келі (168+195) салмақ көтерді. Жұлқа көтеруден 171 келіні көтере алмай, 168-ді көтеріп, сегізінші орын алса, серпе көтеруден 200-ді көтере алмай, 195 келіні көтеріп, 20 спортшының қатарына әрең ілінді.

Бұл салмақтан алтынды 410 келіні көтеріп, қытай спортшысы алса, күмісті 402 келі көтерген катар атлеті алды.

Әзірше қазақстандық атлеттердің арасында тек Игорь Сонда ғана медаль бар. 55 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан атлет күміске ие болды.

Қалғандар спортшылар – Арли Чонтей (55 келіге дейін), Нижат Рахимов пен Айдар Қазов (81 келіге дейін) және Денис Уланов (89 келіге дейін) жүлделі орындарға ие бола алмады. Ал әйелдер құрамасынан 55 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан Зульфия Чиншанло (төртінші орын) мен 71 келіге дейінгі Екатерина Быкованың (жетінші орын) да бағы жанбады.

Ал 26 қыркүйек күні 109 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Берсанов бақ сынап көрмек.

Vesti.kz

0 Пікір Кіру