Нұрқанат Серікбаев жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды - на sport.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на sport.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Құтты болсын!

Алматыда өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Нұрқанат Серікбаев чемпион атанды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

50 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрқанат Серікбаев бірінші белдесуінде беларусь спортшысы Дмитрий Зелянконы жеңсе, екінші айналымда моңғол палуаны Мендсайхан Нямсуренді қапы қалдырды. Ал финалда франциялық дзюдошы Валадиер Пикард Ромайнның жауырынын жер иіскетті.

Айта кетейік, байрақты бәсекеде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Жарысқа әлемнің 71 елінен 483 жас татами шебері қатысады. Тағы бір қазақстандық дзюдошы Алима Жұмағалиева қола жүлдегер атанды.
0 Пікір Кіру