«Күте-күте шаршадым» Шәріпова спортпен қоштасатынын мәлімдеді - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Әлем чемпионы карьерасын аяқтайды

Кәсіпқой бокста екі салмақ санатындағы әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шәріпова спорттағы карьерасын аяқтайтынын жариялады.

«Мен өзімнің жаттықтырушыларыма, менеджеріме, командама ерен еңбегі үшін алғыс айтам. Біз бірге Қазақстанда бірнеше рекорд орнаттық. Кәсіпқой бокста осындай қысқа мерзім ішінде бізден басқа ешкім мұндай зор нәтижеге жеткен емес», - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Боксшы кәсіпқой бокстағы басты титулға бір қадам қалғанымен, осы жерден тоқтауға мәжбүр екенін айтады.

«Біз 2018 жылы WBC бойынша әлем чемпионы атағын алуға дайын едік, бірақ қаржылық себептерге байланысты бұл мүмкін болмады. Бізге WBC әлем чемпионы атағын алу үшін бірнеше рет қаражат беріледі деп уәде етілгенімен, ақша ақыры бөлінбеді. Екі жыл бойы осы атақты кез келген уақытта жеңіп алу үшін формамды сақтап келдім. Ақыры күте-күте шаршадым. Өкінішке қарай, мен бұл күш-жігерді нәтижеге айналдырудың келешегін көріп тұрған жоқпын. Осы уақыт ішінде көп уәде берілді, бірақ бәрі де құр сөз күйінде қалды», - дейді ол.

Боксшы барлық жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Мені қолдаған барлығыңызға көп рахмет айтқым келеді. Басты атақты жеңіп, қуанта алмағаным үшін кешіріңіздер. Мен қолдан келгеннің бәрін жасадым, бірақ бәрі маған байланысты емес», - деді Фируза Шәріпова.

0 Пікір Кіру