Қазақстандық боксшылар WBO, WBC белдіктеріне таласады - на sport.bugin.kz
Бекет Айсұлтан - на sport.bugin.kz Бекет Айсұлтан

Кәсіпқой бокс кеші 23 желтоқсан күні өтеді

23 желтоқсан күні Ресей астанасы Мәскеуде төрт қазақстандық боксшының қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Отандық боксшылардың титулдық жекпе-жектері жайында толығырақ Bugin.kz сайты тілшісінің материалында.

Жекпе-жек кешінде жұдырықтасатын боксшылардың тізімі толықтай жарияланған жоқ, бірақ екі қазақстандық боксшының шаршы алаңдағы кездесулері титулдық деп хабарланды. 27 жастағы супер орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы (9-0, 7 КО) 25 жастағы бельгиялық Илиас Ачергуймен (12-3-1, 6 КО) WBO Global белбеуін сарапқа салады.

Айдос Ербосынұлының кәсіпқой бокстағы мансабы 2015 жылдың қазан айында басталған болатын: ол Украинада (екі жекпе-жек), Қазақстанда (бес жекпе-жек) және АҚШ-да (екі жекпе-жек) өткізіп үлгерді. Ал оның бельгиялық қарсыласы кәсіпқой рингтегі барлық кездесулерін өз жерінде өткізген және кәсіпқой бокста Бельгия чемпионы. Сондай-ақ Ачергуй 2015 жылдың қыркүйегінде жастар арасында WBC тұжырымының титулын жеңіп алған.


WBC тұжырымының титулын сарапқа салатын екінші қазақстандық боксшының қарсыласы еншісінде 25 жеңісі бар филиппиндік боксшы болмақ.

Екінші титулдық жекпе-жекте 26 жастағы Нұрсұлтан Жаңабаев шаршы алаңға көтеріледі. Қазақстандық боксшы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бос аймағындағы - WBC Asia белдігі үшін сынға түседі. Нұрсұлтанның қарсыласы 34 жастағы филиппиндік Арнел Тинампай (25-22-1, 11 КО).

Титулдық жекпе-жек өткізетін қос боксшы да ұйымның аймақтық рейтингінде ТОП-15 боксшының тізімінде. Жаңабаев төртінші орында болса, қарсыласы - 11 орында. Ескерте кететін жайт, титулдың нұсқасы бойынша белбеу - "жай" чемпионға, сонымен қатар, "күміс" және құрлықтық чемпиондарға беріледі. Қазіргі уақытта белбеудің бірінші және екінші иегерлері анықталмай тұр, ал соңғы белбеудің иесі Кости Цзюдің ұлы - Аустралияның намысын қорғайтын Тим Цзю (11-0, 9 КО).

Қазақстандық боксшы Ресейде WBC белдігі үшін жекпе-жек өткізеді.

Мәскеулік ақпараттың мәлімдеуінше, Қазақстан атынан сынға түсетін үшінші боксшы бірінші ауыр салмақтағы Али Балоев (7-0, 6 КО). 25 жастағы қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы экуадорлық Жан Карлос Мина (6-1, 2 КО). Балоев Ресейде үшінші рет жұдырықтаспақ: ол сондай-ақ өз мансабында Польша мен Қазақстанда (екі жекпе-жек) және АҚШ-да (екі жекпе-жек) өткізген. Минаға тоқталсақ, ол барлық кездесулерінде Экуадорда өз жанкүйерлері алдында жұдырықтасқан.

Ресей жерінде Қазақстан туын көтеретін тағы бір боксшы жеңіл салмақтағы Константин Брусенский. Ол өзінің кәсіпқой рингтегі дебюттық (алғашқы) жекпе-жегін өткізеді деп жоспарлануда. Оның қарсыласы кейінірек анықталады.

0 Пікір Кіру