Головкин Деревянченконы жеңді - на sport.bugin.kz
Kymbat Slyambekov - на sport.bugin.kz Kymbat Slyambekov

Головкин өзін толық көрсете алмады

Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткен Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен украин бокшысы Сергей Деревянченко (14-2, 10 КО) арасындағы титулды жекпе-жекте отандасымыз жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Жекпе-жектің алғашқы раудтының өзі Головкин үшін сәтті басталды. Алғашқы секундтардың өзіне Деревянченконы нокдаунға жіберіп, қабағын жарып жіберді.

Украиналық бокшы қабағының терең жарылып кеткенін сезіп, техникалық жеңіліс алып қалмас үшін үшінші және төртінші раунттарда соққыларын үдетіп, барынша Головкинді нокаутқа жіберуге ұмтылды.

Бесінші және алтыншы раундта да Деревянченко алға ұмтылып, комбинацияларын іске қосумен болды. Ал Головкин ұрынтай тұсты күтіп, украин спортшысының өнер көрсетуіне мүмкіндік бергендей сыңай танытты.

Ал жетінші раундтан бастап Головкин шабуылға шығып, сегізінші және тоғызыншы раундтарда ауыр соққылар жасауға тырысты. Головкиннің ұпайға емес, нокаутқа ұмтылғаны байқалды. Дегенмен Деревянченконың белсенділігі жоғары болды.

Ал чемпионтық раундттарда Головкин Деревянченкодан біршама есе қайтарып үлгерді.

- Бокста лас нәрселер болған жоқ. Канеломен кездесуге дайынмын. Кеттік, жасайық бұл кездесуді! - деп мәлімдеді Головкин.  

Бұл кеште отандасымыз Головкиннен бөлек, Әли Ахметов те америкалық Эндрю Эрнандеспен кездесу өткізіп, 47 секундта қарсыласын нокаутқа жіберген еді.  

Айта кеткен жөн, жақында тағы бір танымал қазақстандық бокшының кездесу өтпек. Яғни, Қанат Исламның (26-0, 21 КО) ендігі жекпе-жегі 26 қазан күні Алматыда өтеді. Бұл жолы Намибияның бокшысы, WBO-дың бұрынғы чемпионы Андрад Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі.

0 Пікір Кіру