Президент Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады - на sport.bugin.kz
Гаухар Бердiбек - на sport.bugin.kz Гаухар Бердiбек

Елбасының жолын жалғап...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атануымен құттықтады. Президентт бұл туралы өзінің Твиттердегі парақшасында жазды. 

- Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы титулдары үшін болған тартысты бокс алаңындағы тамаша жеңісімен құттықтаймын. Гена өзінің кәсіпқой бокстың хас шебері екенін, жеңіске деген табанды ұмтылысын тағы да дәлелдеді. Қазақстан сені мақтан тұтады. Алға, Гена! - деп жазды Президент.

Айта кетейік, кеше Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, ұпай санымен басым түсті.



0 Пікір Кіру