Комиссия шешімі: Геннадий Головкинге рингке шығуға тыйым салынды - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Бұған не себеп болды?

Әлем чемпионының екі титулын жеңіп алған Головкин жекпе-жектен шеттетілді.

5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO титулдарына ие болған еді.

BoxRec.com-ның хабарлауынша, Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясы Геннадий Головкинге рингке шығуға тыйым салды. Бұл кездесулерден кейін жасалатын әдеттегі шара. Спортшының қалпына келуі үшін жекпе-жек өткізуге шектеу қойылады. Деревянченкоға қатысты да осындай шара қолданылды.

Айта кетсек, кездесуден кейін екі спортшы да ауруханаға жеткізілген болатын. Деревянченко оң көзін зақымдап алса, Головкин қолын жарақаттаған.

0 Пікір Кіру