Қытай телевизиясы: Америка баскетболын көрсетпейміз - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Саяси астар

Қытай мемлекеттік телевизиясы осы аптаға жоспарланған Америка ұлттық баскетбол қауымдастығы (НБА) командаларының "көрмелік" (жолдастық) матчтарының көрсетпейміз деп жариялады.

Пекин өзінің NBA-ға наразылығын барынша көрсетіп бағуда. Мұның астарында да саясат жатыр. Жақында ғана командаларының бірі - "Хьюстонның рокетстің" бас менеджері Дэрил Мори Гонконгтағы жаппай наразылық акциясына қатысушыларға қолдау білдіріп, Twitter-де жазба салған еді.  

- Еркіндік үшін күрескен Гонконгты қолдаңдар, - деп жазды Мори. 

Ал қытай телевизиясы Моридің бұл ұстанымын елдің егемендегі мен қоғамдық тұрақтылығына қауіп төндіреді деп баға берді. 

Мемлекеттік телевизиядан бөлек, ғаламтор трансляцияторлары мен басқа да қытай компаниялары "Рокетстің" ойынын көрсетпейміз деп хабарлады. 

Ал Дэрил Мори болса, кешірім сұрап, тек жеке пікірін ғана білдіргенін, "Рокетс" немесе "NBA"-ға оның жазбасының еш қатысы жоқ екенін жазды. Сондай-ақ, ол қытайлық жанкүйерлер мен демеушілердің қолдауын әрдайым жоғары бағалағанын айтты.

- Біз Дэрил Моридің пікірі Қытайдағы көптеген достарымыз бен жанкүйерлерімізді ренжіткенін түсінеміз. Қытайдың тарихы мен мәдениетін қатты құрметтейміз және жалпы спорт біріктіруші күш болады деп үміттенеміз, – делінген NBA жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы Майк Басстың жариялаған мәлімдемесінде.

"Хьюстон" командасының иесі Тильман Фертитта да Мори команда атынан айтқан жоқ деп мәлімдеді.

"Хьюстон рокетс" – Қытайдағы ең танымал NBA командаларының бірі. 2002 жылдан 2011 жылға дейін ҚХР-да аты аңызға айналған қытайлық баскетболшы Яо Мин осы команда құрамында ойнаған. Қытайда "Рокетстың" миллиондаған жанкүйері бар. Алайда бұл мәселеден кейін, олардың саны қысқаруы мүмкін.



0 Пікір Кіру