ЕУРО-2020-дан күдер үздік - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Ұлттық құрама туралы кейбір ойлар

21 наурызда өткен Шотландиямен ойыннан кейін, төбеміз көкке жеткенше мақтандық. Еуропалық футболдың мықты командаларының бірін 3:0 есебімен жеңу әркімнің қолынан келе бермейді. 

Алайда кейінгі ойындар бұл ойынның жай ғана сәттілік екенін көрсеткен тәрізді. Кешегі Кипр құрамасымен болған ойыннан кейін ЕУРО-2020-дан үмітіміз үзіліп, жанкүйерлер түрлі пікірлер айта бастады:

- Ұлттық құраманы құрамын өзгерту керек;

- Еуропадан шығып, Азия футбол федерациясына қайтадан кіруіміз қажет;

- Біздің футболшылар бірінші таймды ғана ойнайды және т.б.

Әрине, әр сынның астында шындық бар. Халық не айтса да орынды.

18 миллион халқы бар мемлекет құрамасы, Еуро ойындарына қатысып жүрген 400 мың халқы бар Исландия немесе 2 миллион халқы бар Албаниядан кем болғаны ма? Бір емес, бірнеше құрама шығаратын ауқатымыз бар емес пе?

Қашанға дейін Еуро мен әлем біріншіліктерінен тыс қаламыз?

Қазақстан футбол федерациясы мың ойланып, түбегейлі өзгерістерге көшпесе, әлемдік деңгейдегі турнирлерді біз ғана емес, біздің немерелеріміз де көрмес!

0 Пікір Кіру