Masters-2018: Бозбаев – қола жүлдегер - на sport.bugin.kz
Бекет Айсұлтан - на sport.bugin.kz Бекет Айсұлтан

Бұл Қазақстан құрамасының турнирдегі екінші жүлдесі

Дзюдодан Қытайдың Гуангжоу қаласында өтіп жатқан әлемдікMastersтурнирінде Қазақстан құрамасының қоржыны екінші жүлдемен толықты. 

90 келіге дейінгі салмақтаИслам Бозбаевүздік үштікті түйіндеп, қола медальға қол жеткізді. Исламның жарыстағы жүріп өткен жолы келесідей.

Қазақстандық балуан алғашқы айналымда кубалық Сильва Моралес Иван Фелипені уақытынан бұрын иппонмен жеңді.

Екінші айналымда Ислам ресейлік Михайл Игольниковтан вазари ұпайымен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Бірақ финалдың жолдамасы сарапқа салынған белдесуде Ислам Әлем чемпионы испаниялық Николос Шеразадишвилидің мықтылығын мойындауға мәжбүр болды.

Ал қола жүлде үшін өткен сында қазақстандық балуан Чехия Республикасының өкілі Дэвид Кламмерттен вазари ұпайымен айласын асырып, жүлдегер қатарына қосылды. 

Еске сала кетейік, бұл Қазақстан құрамасының турнирдегі екінші медалі. Бұған дейін 15 желтоқсанда татмиге шыққан Елдос Сметов те құрама қоржынын қоламен толықтырған болатын.

Ислам Бозбаев 2017 жылы Бакуде өткен Гранд Слэм турнирінің чемпионы, 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 2018 жылы Ислам Тунистегі Гран При турнирінде алтын медаль иеленген болатын.

0 Пікір Кіру