Кешегі жексұрын - бүгінгі қаһарман - на sport.bugin.kz
Кана Байузаков - на sport.bugin.kz Кана Байузаков

Украинаның жеңісі алдын ала белгілі болған!

Украинаның футбол құрамасы былтыр Әлем чемпионатында іріктеуден өте алмай қалған еді. Сонда украин жұртшылығы бас бапкер Андрей Шевченконы қызметінен кетсін деп наразылық танытқан болатын.  

- ЕУРО-2020 жарысына өте аламыз ба? Одан өтуден басқа жол жоқ менде. 1-ші немесе 2-ші орын деп нақты уәде бермеймін. Барлығы қарсыласқа байланысты. Билетке тапсырыс бере беріңіздер! - деген еді сонда Шевченко. 

Оның бұл сөзіне журналистер қатты күліп еді. Алайда кеше Украинаның құрамасы іріктеуден өтіп кетті. 

Міне, кеше аңыз ойыншы өз сөзінде тұрды!

0 Пікір Кіру