Қайғылы оқиға: Белгілі боксшы нокауттан кейін қайтыс болды - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

27 жастағы спортшы нокауттан кейін комаға түсіп, шұғыл ауруханаға жеткізілді

Америкалық боксшы Патрик Дэй нокауттан кейін комаға түсіп, 27 жасында көз жұмды. Қайғылы оқиға жайлы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) сайтында хабарланды.

Патрик Дэй өзінің жерлесі Чарльз Конвеллмен кездесу өткізді. Нокауттан соң боксшының жағдайы нашарлаған. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты.

Боксшылар украиналық Александр Усик пен америкалық Чазз Уизерспун кездесуінің андеркардында жұдырықтасқан болатын.

Ауруханаға бара жатқанда Патрик комаға түсті. Чикаго ауруханасында дәрігерлер спортшының миына шұғыл ота жасады.

"WBC мен ұйым президенті Маурисио Сулейман Патрик Дэйдің қазасына байланысты көңіл айтады. Ол 12 қазан күні бас-сүйек жарақатын алды. Патриктің жақындарының қайғысына ортақпыз", - деп жазылған WBC сайтында.

Патриктің қарсыласы да болған оқиғаға байланысты көңіл айтты.

"Мен ешқашан мұндай жағдайдың болғанын қаламадым. Мен тек жеңіске жеткім келді", — деді Конвелл.

Патрик Дэй 22 кездесу өткізген, 17-сін жеңіспен (16 нокаут) аяқтады. Төрт жекпе-жекте жеңілді, біреуінде есеп тең болды.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру