Пике 70 жылдан артық тарихы бар клубты сатып алды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Футбол

“Барселона” қорғаушысы Жерар Пике Испанияның “Андорра” клубын сатып алды. Бұл жайында жергілікті баспасөзге сілтеме жасап AS хабар беруде.

 

Ақпарат бойынша, Пике клубты өзіне тиесілі "Космос" компаниясы арқылы сатып алуды көздеп отыр. Оның мақсаты клубты дамыту және жоғары дивизионға алып шығу.

 “Андорра” қазірде бесінші дивизион өкілі болып саналады. Клуб 1942 жылы құрылған. 1980-1998 жылдары үшінші лигада ойнаған.

 Алдынырақ Пике клуб сатып алу ғана емес, жаңа турнир құру туралы да ойы бар екенін айтқан болатын.

 Мәлімент үшін, Жерардың “Космос” компаниясы Девис кубогының демеушісі болып саналады.

0 Пікір Кіру