Жеңіспен оралған жерлесіміз! - на sport.bugin.kz
Биболат - на sport.bugin.kz Биболат

Жарайсың Жалғас!

Күні кеше Сочи қаласында жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте қазақ бауырымыз жеңіспен оралды.

Ол өз кезегінде Ресей азаматы Али Багаутиновты жеңіп, Fight Night Global чемпиондық титулын сақтап қалды.

Жекпе-жек біткеннен кейін Жалғастың өзі "енді UFC-де бақ сынайтын кез келді" деуі біздің отандық спорт үшін жаңа серпіліс болғандай. Қазіргі уақытта 31 жастағы Жалғастың еншісінде 13 жеңіс пен 3 жеңіліс бар. Ал бұл жолғы жеңісін чемпион Отанына арнаған екен.

Кездесу біткеннен кейін дағыстандық Али Багаутинов төрешілердің шешімімен келіспей, аппеляцияға беретіндігін айтқан болатын. Дегенмен төрешілердің Юрий Батмен Али Багаутиновтің қазіргі чемпион Жалғас Жұмағұловты жеңетіндей мүмкіндігі болған жоқ деп мәлімдеді. Яғни, жекпе-жең тең өтті дегеннің өзінде, чемпиондыққа үміткердің қазіргі чемпионнан артықшылығы, басымдылығы болуы керек деген ойда.

- Жекпе-жек өте тартысты өтті. Бірінші раундты Жалғас алса, екінші раундты Али алды. Екеуі кезек-кезек алып отырды раудты. Бесінші раунд – шешулі болды. Мұнда да екеуі тең түсті. Алайда бізге бәрібір чемпионды анықтау керек болды. Ал чемпиондық белбеуді алу үшін чемпионнан артық екеніңді көрсетуің керек еді, тым болмағанда. Жалғас бес раундты да басымдылықпен алды, - дейді Юрий Батмен.


0 Пікір Кіру