Ресми: "Манчестер Юнайтед" Моуриньоны жұмысынан босатты - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Футбол жаңалықтары

"Манчестер Юнайтед" клубы бас бапкері Жозе Моуриньо  жұмысынан кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты жəне твиттер желісі хабар беруде. 

Бұдан алдын клуб Моуриньоны жұмысында қалдырады деген сыбыс тарқаған болатын.  Моуриньо  "Манчестер Юнайтед"  бас бапкерілігіне 2016 жылдың жазында  келген  болатын.

Қызық дерек. Осыдан 3 жыл алдын, анығырақ айтсақ 2015 жылдың 17-желтоқсанында Моуриньо  "Челси" клубынан да қуылған болатын. Қызығы сол кездеде Моуриньо  "Ливерпуль" клубынан 3-1 есебімен жеңілген еді. Араға 3 жыл салып тағыда сол "Ливерпуль"ден 3-1 есебімен жеңіліп отставкаға кетіп отыр. 

0 Пікір Кіру