Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Канелоның бапкері жаңалықпен бөлісті.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің келесі жылдың мамыр айында өтуі мүмкін. 

Бұл ақпарат туралы мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо The Athletic порталының журналисі Лэнс Пагмайерге айтты. "Рейонсо маған "Канелоның" мамырдағы жекпе-жегіне қарсылас ретінде бірнеше жігітті қарастырып жатқанын айтты, бұл тізімге ол Головкинді де кіргізген. Сонымен қатар, ол Чарло мен Сондерсті де атады...

Бапкердің айтуынша, "Канело" Ковалевті жеңген жағдайда Бетербиевпен де жұдырықтасуға қарсы емес екен", - деп Пагмайер твиттер желісіндегі парақшасында жазды.

0 Пікір Кіру