Әлемнің үздік теннисшілері елордада кездесті - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Қайырымдылық

Нұр-Сұлтанда теннистен әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович (Сербия) мен Рафаэль Надаль (Испания) қайырымдылық матчта кездесті. 

Ойында 6:3, 3:6 (11:9) есебімен Надаль жеңді. Матчты Forbes журналының әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 645-орында тұрған Болат Өтемұратов (байлығы - 3,5 млрд доллар) ұйымдастырды. 

Ойынды тамашалауға Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді.

Өтемұратов Назарбаев президент болып тұрған шақта біраз уақыт оның іс басқарушысы әрі көмекшісі болған. 

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында және ойын кезінде де Надаль мен Джоковичтің Қазақстанға келгені үшін қанша гонорар алғаны сол күйі айтылмады.

0 Пікір Кіру