Нұрмагомедов: Ресей жалауын көтермеймін, бұл... - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Спортшы себебін айтты

Ресейдің аралас жекпе-жек (MMA) спортшысы Хабиб Нұрмагомедов Мәскеуде өткен абсолюттік жекпе-жек чемпионатының (UFC) қарсаңында журналистермен және көрермендермен әңгімелесті. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Баспасөз конференциясы барысында Хабибке "Ресейдің жалауын неге көтеріп шықпайсыз?" деген сұрақ қойылды. Нұрмағомедов мұндай сұрақ қойыларын сезгендігін мойындады. 

- Туды алып шығатын кейбір жігіттерге қарағанда, мен әйелді зорлаған, қарттарды ұрған емеспін. Елімді өздігімше таныстырамын. Ту алып шықпады деп, мені патриот емес деу тағы дұрыс емес. Туды алып шығу үшін де біраз жетістікке жету керек, лайық болу маңызды, - деп жауап берді Нұрмағомедов. 

Басылымның мәліметінше, ол бұл сөздерімен Ирландиялық Конор МакГрегорды меңзеген.
0 Пікір Кіру