Маңғыстаулық самбошы Кореядан күміспен оралды - на sport.bugin.kz
Жұлдызай Қалиева - на sport.bugin.kz Жұлдызай Қалиева

Нүркен Домбаев әлем чемпионатынан күміс жүлдені иеленді

Қазақстан құрама сапында 52 келі салмақта бақ сынаған «Жас батыр» спорт мектебінің түлегі Нүркен Домбаев алғашқы кездесуін аргентиналық палуанмен өткізді. Ол қарсыласын 12 секундта накаутқа жіберген.

Ал екінші белдесуде Өзбекстан балуанын ауырту әдісі арқылы 11:2 есеппен жартылай финалға жолдам алған. Нүркен жартылай финалда Моңғолиядан келген палуанмен күш сынасса, финалдық белдесуде ресейлік палуанмен күресті. Финалда маңғыстаулық самбошы аяғының жарақаты салдарынан Ресей палуанына есе жіберіп, күміс медальға қол жеткізді.

Самбодан ерлер, қыздар және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты 8-10 қараша күндері Корея елінің Чхонджу қаласында өтті. Үш күнге созылған дүбірлі додаға 80 елден 500-ден аса спортшы қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан құрама командасы 4 күміс, 5 қола медальді қоржынға салды. Жалпы командалық есепте 3-орынды қанжығасына байлады.

Суретті «Жас батыр» спорт мектебі ұсынды

0 Пікір Кіру