Златан «Лос-Анжелес Гэлакси» клубынан кетеді - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Бұл туралы клуб Twitter-дегі ресми парақшасында мәлімдеді

«Лос-Анжелес Гэлакси» клубы Златан Ибрахимовичпен арадағы келісімшартты өзара келісім бойынша ұзайтырмайтынын мәлімдеді. 

38 жастағы шведпен келісімшарты 2019 жылдың 31 желтоқсаннына дейін еді.

- Біз Златанға клубтағы және де МЛСтегі ойыны үшін алғысымызды білдіреміз. Златан Лос-Анжелестегі футболға жақсы жағынан әсер етті, - деді «Гэлакси» президенті Крис Клайн.

- Оның Лос-Анжелес халқына сонымен қатар Солтүстік Америкадағы футбол жанкүйерлері үшін жасаған дүниесін сөзбен жеткізу мүмкін емес, - дейді Клайн. 

0 Пікір Кіру